- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жер сілкінісі...
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Алматыда жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 желтоқсанда сағат 23:17 шамасында алматылықтар жер сілкінсін сезді.
"Құзырлы мемлекеттік органдардың хабарламасының қорытындысы бойынша патруль бағыттар бойынша көзбен ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты.
"112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ."Қазселденқорғау" мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, жарықтар пайда болған жоқ, - деп хабарлады ТЖД.
Google іздеу жүйесі сұраныс бойынша Алматы маңында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі туралы ақпарат шығады.
Біраз уақыттан кейін some.kz сайты тіркелген жер сілкінісі туралы хабарлады.
"28 желтоқсанда сағат 23:16-да Алматы уақытымен жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Магнитудасы 6.2. Алматы 2-3 балл", - делінген "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі қызметкерлерінің хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек