Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4,6 балдық жер сілкінісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) мәліметі бойынша жер сілкінісі 29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.
Әзірге Төтенше жағдайлар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады" деген ақпарат тарады, алайда мамандар мұндай болжамға ешқандай негіз жоқ екенін айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова