Алматылықтар Қытайда болған жер сілкінісін сезінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 19 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07:44-те жер сілкінісі тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,6, магнитудасы MPV - 6,0", - делінген хабарламада.
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, зақым келу туралы ақпарат түспеген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!