Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Әлеуметтік желіде оқиға кезіндегі сурет-видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Астана уақытымен сағат 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. MPV - 6.7, тереңдігі - 5 шақырым. MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда дүмпу 3 балл болып сезілді", - деп жазылған хабарламада.
Жұрт жер сілкінген кезде далаға шыққан.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі былай сезілген:
- Алматы қ. - 3 б.
- Алматы обл. Кеген ауд. - 3 б.
- Алматы обл. Райымбек ауд. - 3 б.
- Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. - 3 б.
- Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. - 3 б.
- Алматы обл. Ұйғыр ауд. - 3 б.
- Алматы обл. Қарасай ауд. - 3 б.
- Алматы обл. Іле ауд. - 2 б.
- Алматы обл. Жамбыл ауд. - 2 б.
- Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. - 2 б.
- Алматы обл. Қонаев қ. - 2 б.
- Алматы обл. Балқаш ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Талдықорған қ. - 2 б.
- Жетісу обл. Кербұлақ ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Панфилов ауд. - 2 б.
- Жамбыл обл. Қордай ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Текелі қ. - 2 б.
- Жетісу обл. Көксу ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Ескелді ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Қаратал ауд. - 2 б.
- Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы - 2 б.
- Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. - 2 б.
- Жамбыл обл. Шу қ. - 2 б.
- Жамбыл обл. Меркен ауд. - 2 б.
- Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. - 2 б.
Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты халыққа жедел психологиялық көмек көрсету мақсатында сенім телефоны ашылды. Байланыс нөмірлері:
- 8 (727) 278 20 83
- 8 (727) 278 20 84
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!