Бүгін, 2 ақпан күні, Астана уақытымен 15.20.44 кезінде Алматы қаласында жер сілкінді. Сейсмология институты ЖШС-нің директоры Әнуар Боранбаевтың айтуынша, Алматы қаласынан 40 км қашықтықта болғанын айтқан еді. Бірақ, кейін эпицентрдің қала ішінде, анығырақ, Гагарин көшесінде орналасқан №125 мектептің маңында болғаны анықталды. Жер сілкінісі 8,5 энергетикалық класты құрап отыр.Магнитуда MPV 3.7. Тереңдігі 10 км. Координаты: 43.20 солтүстік ендік,76.90 оңтүстік бойлық.Алматылықтар 2-3 баллдық жер сілкінісін сезген. Жер сілкінісі кезінде ешқандай зардап шегу фактілері тіркелмеген. Жер сілкінісі кезіндегі сақтық шараларын жадыңызда ұстаңыз!