- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Желтоқсан оқиғасына...
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қанша теңге беріледі?
Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бірреттік төлемді 250 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев кезектен тыс сессия барысында мәслихат депутаттарының сұрағына жауап берді.
Бастапқыда бұл жоспар келесі жылы қаралатын болған. Алайда, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыны үнемдеу есебінен және Тәуелсіздік күні қарсаңында ағымдағы жылы "желтоқсандықтарға" төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды.
Еске салсақ, жыл сайын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар ҚР Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге төлем алып келді. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.
Қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина