Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі BRT құрылысына байланысты жабылады

Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

BRT (Bus Rapid Transit - автобустың арнайы жолағы) жобасы аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"29 шілдеде сағат 08:00-ден 30 шілде сағат 21:00-ге дейін Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!