Алматыда желім өндіретін цехта өрт шықты

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Алматының Түрксіб ауданы Майлин көшесіндегі цехта шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта өрт шықты.
250 шаршы метр аумақты шарпыған жалын сөндірілді.
"Өртті сөндіру цехтың өндірістік процесінде айналатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың, уытты заттардың жоғары жанғыш жүктемесі болуымен күрделенді", - делінген хабарламада.
Себебі анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес