23 сәуірде Алматы жартылай марафоны өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жаппай жарыстың басталуы Тұңғыш Президент саябағында таңғы сағат 7:30-да басталады, мәре сызығы Орталық стадионда сағат 12:00-де аяқталады.
Алматы әкімдігі мәліметінше, жартылай марафонға байланысты жолдар ішінара жабылады. Іс-шараға 7600-ден астам адам қатысады. Биыл бұл спорттық сайыс мегаполисте алтыншы рет өтеді. Жүгіру кезінде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
"Бұл дерек спортшылардың орташа жылдамдығын ескере отырып есептелген. Жүгіріп өткен сайын жолдар ашылып отырады. Көлік қозғалысының шектеуін ескеріп, қала ішіндегі бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алыңыз", - делінген хабарламада.
Жол жабу жоспары:
- 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафина көшесінен Науаи көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
- Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 7:15-тен 09:40-қа дейін көлік қозғалысы шектеледі.
- Сейфуллин даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 7:40-тан 09:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады.
- Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін сағат 8:40-тан 11:10-ға дейін көлік қозғалысы шектеледі.
- Абай даңғылының оңтүстік жағындағы Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін сағат 7:50-ден 09:30-ға дейін көлік қозғалысы шектеледі.
- Саин көшесінің шығыс жағында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 08:30-дан 10:10-ға дейін көлік қозғалысы жабылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!