- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жекеменшік үйлердің...
Алматыда жекеменшік үйлердің бірінде интим қызметі көрсетілген
Алматыда жекеменшік үйлердің бірінде интим қызметі көрсетілген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, бодимассаж жасайтын салондардың бірі қаланың Әуезов ауданындағы Алмас шағынауданында анықталған. Қызметкерлер массаждан бөлек, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткен. Мекеменің әкімшісі мен салонда жұмыс істейтін жеті қыз оқиға орнында ұсталған.
"Сол түні өздерін сауықтыру массаж салондары ретінде көрсеткен тағы екі нысан анықталды. Шын мәнінде, тұрақты клиенттері және икемді жұмыс кестесі бар притондар туралы айтып отырмыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабында көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігінің Алматыда тіркеуі жоқ. Жеткізілгендердің жеке басы қандай да бір қылмыс пен құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілді", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова