Алматыдағы жеке үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінен ер адамның сүйегі табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша ер адам ауладағы дәретханада өз-өзіне қол жұмсаған. Ол осы үйде ағасымен бірге тұрған. Қолда бар мәліметке сәйкес ер адам жұмыс істеген, қалыпты өмір салтын ұстанған. Ішімдікке немесе басқа да зиян әдеттерге әуес болмаған", - деді Алматы ПД өкілі.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды (cоталды тергеу басталды - еск.).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова