Алматыда жеке үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Әуезов ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында өрт үй шатырына ұласқан, салдарынан шаруашылық құрылыс пен монша өртенген.
Құтқарушылар өрттен 2 газ баллонын алып шықты.
Өрт 200 шаршы метр алаңда шақырту түскен сәттен бастап 55 минут ішінде ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз