Алматыда жеке сот орындаушы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Жеке сот орындаушы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
"Ол қызмет бабын пайдаланып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден аса қаржыны иемденгені, сондай-ақ, Range Rover көлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталды", - деп жазылған Алматы прокуратурасы хабарламасында.
Сот үкімі
Алмалы аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушы қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова