- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жедел жәрдем...
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан бала тауып алды
Фото:
Әлихан Сариев
Алматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Elitar.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан