Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кетті

Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Жәбірленуші жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Оқиға 7 қазанда Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі қарсы жолақпен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты видеоға түсіп қалды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы туралы айтты. Жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

"Науқас әрі қарай қажет ем алу үшін нейрохирургия бөліміне жатқызылды", - деді дәрігерлер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!