Алматыда жастар айналма жолда жарыс ұйымдастырған

Алматыда жастар айналма жолда жарыс ұйымдастырған
Фото: @kris_p_almata

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Шығыс айналма жолда асқан жылдамдықпен бейберекет жүрген көліктің видеосы тарады. Полиция видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті жүргізуші мен жолаушылар анықталғанын, олар "қатаң жауапкершілікке тартылатынын" мәлімдеді.

"Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Әрбір құқықбұзушы заңда көзделген жазасын алады", - деді Алматы ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget