- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жасөспірімді пышақтап...
Алматыда жасөспірімді пышақтап кеткен тұрғынға қатысты сот басталды
Алматыда жасөспірімді пышақтап кеткен тұрғынға қатысты сот отырысы басталды. Бүгін сот отырысы аясында прокурор айыптау қорытындысын оқыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылдың 15 мамырында Алматының Түрксіб ауданында жасөспірімді пышақтап кетті. Оқиға 15 жастағы екі мектеп оқушысы үйінің жанында мопед жөндеп жатқан кезде басталған. Көлік құралынан шыққан шу көршісінің ашуына тиген. Ер адам сыртқа шығып, жасөспірімдердің бірін пышақтап кеткен. Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жас жігіт ауыр қатерден аман қалған.
Бастапқыда іс әкімшілік құқықбұзушылық санатына ауыстырылды. Алайда кейіннен прокурор қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойды, өйткені күдіктінің іс-әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дұрыс сараланбаған.
Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Пышақты қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған, сол сияқты қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер) бойынша айып тағылды. Ол бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, алматылық азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзып, пышақпен күш қолдану арқылы қылмыс жасамақ ниеті болған.
Фото: Tengrinews.kz
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан