Алматыда жасөспірім тізгіндеген көлік көзге түсіп қалды

Алматыда жасөспірім тізгіндеген көлік көзге түсіп қалды
Фото: ІІМ

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген көлік тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында рөлде жасөспірім отырғаны белгілі болған. Сондай-ақ, көлік салонында басқа да кәмелетке толмаған жасөспірімдер болған.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тексеріс қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдеріне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, көлігін берген адам да жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget