- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайғылы оқиға
Алматыда жасөспірім биіктен құлап кетті
Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үй тұрғындарының айтуынша, шамамен 11-12 жас шамасындағы бейтаныс бала кеше кешке үйдің подъезіне кіріп, таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.
Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқан бала 2009 жылы туған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан