Алматыда жасөспірім аспанға екі рет оқ атып, жасырынып қалған

Алматыда жасөспірім аспанға екі рет оқ атып, жасырынып қалған. Полиция оны қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында кешкі сағат бестер шамасында 102 пультіне бейтаныс жігіт аспанға екі рет оқ атып, кейіннен жасырынып қалғаны туралы хабар түскен.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақыны ұстады. Ол 16 жастағы жасөспірім болып шықты.

Ол қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды. Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!