Алматыда жасөспірім 2 шілдеде тауға кетіп, содан бері оралмаған

Алматыда жасөспірім 2 шілдеде тауға кетіп, содан бері оралмаған
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы тауларында жасөспірім бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 шілдеде 2007 жылы туған жасөспірім 2 шілдеде тауға шығып, содан бері оралмағаны туралы хабар түскен.

"Хабарлама түскен сәттен бастап авиация, 109 құтқару қызметі, ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағы, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, шекара қызметі мен Полиция департаментінің 44 қызметкері, 8 техника, 4 кинологиялық есеп, 3 дрон және еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары Алматы қаласы ТЖД-нің "Аюсай" визит орталығындағы жедел штабтан жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында із-түзсіз кеткен баланың 10 туысы да бар", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@112almaty_tjd)

ТЖД мәліметінше, іздеу жұмыстары үш бағытта жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget