Алматыда "жарылыс жасаймын" деп қорқытқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102-ге хабарлама түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен.
"Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова