Алматыда жарты ай бұрын жоғалған ер адам өлі табылды

Алматыда жарты ай бұрын жоғалған ер адам өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Алматыда жарты ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1984 жылы туған Лебанидзе Давид Давидович 9 қазанда кешке жоғалып кеткен. Ер адам Бостандық ауданы, Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы 170 сантиметр, дене бітімі арық, тақырбас, көзі қоңыр.

Үстіне қара джинсы күрте, сұр шалбар, қоңыр мокасин киген. Қолында барсетка сөмкесі болған.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған адам 16 қазанда өлі табылды. Басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget