Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митингіге рұқсат берді. Бұл туралы "KARE-Забота" жануарларды қорғау қорында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, 14 мамырда "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзарда бейбіт жиын өтеді.
"Митингі өткізуге рұқсат беріліп, қалалық әкімдікпен келісілген. Бейбіт жиынның мақсаты - мына мәселелер бойынша қоғамдық пікір білдіру.
- жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
- "Аулау-Зарарсыздандыру-Вакцинация-Қайтару" бағдарламасын орындамау;
- жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, атап айтқанда: үй жануарларын жауапкершіліксіз ұстау және өсіру;
- НҚА бойынша ресми жұмыс;
- жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың дұрыс орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлардың жұмысына кедергі келтіру;
- жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне Ішкі істер министрлігі тарапынан тиіс жауаптың болмауы;
- жануарлардың қабуына байланысты сенімсіз деректер; білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар", - деді ұйымдастырушылар.
Митингіге үй жануарларыңызбен келе аласыз, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттердің тұмылдырығы болуы керек.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл митингіге жергілікті билік келісімі мен рұқсаты берілгенін растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!