Алматыда 19 мамырда кешкі уақытта екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 22:00 шамасында Құлжа тасжолында болған. Volkswagen жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды", – деді полиция.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова