Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты: жүргізуші ұсталды

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды қаққан жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы Полиция департаменті өкілі мәлімдеді.

"ҚР ҚПК 128-бабы бойынша жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кеткені, оқиға салдарынан бүлдіршін жан тапсырғаны хабарланды.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар пайда болды.

Renault жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай көшесімен батыс бағытта келе жатып, Новая көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі бойымен жолдан өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кеткен.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз