Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Телеарна мәліметінше, оқиға 27 қаңтарға қараған түні болған.

Honda Civic маркалы көліктің жүргізушісі Саин көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульді тізгіндей алмай, электр желісінің тірегіне соғылған. Қатты соққыдан көлік екіге бөлінген.

Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!