Алматының Жетісу ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Mercedes-Benz Sprinter көлігі Ангарская көшесінде жеңіл көлікке соқтығысқан.
Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, көлік бөлініп кеткен.
Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:58-де болған.
"Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөлік жүргізушісі Ангарская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай ағашқа, сондай-ақ ғимараттың қабырғасына соғылған. Әрі қарай, қозғалысты жалғастыра отырып, ол Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысып жол шетіне ұшып кеткен және ағашқа, сондай-ақ бетон қоршауға соқтығысқан", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шексе, тағы біреуі алған жарақаттарынан қаза болған.
"Адам өліміне әкеп соқтырған бұл жол-көлік оқиғасы соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Алматы полициясының анықтау бөлімі жүргізіп жатыр", - деді Әзірбек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз