Алматыда жанжалдың соңы атысқа ұласты: бір адам зардап шеккен

Алматыда жанжалдың соңы атысқа ұласты: бір адам зардап шеккен
Фото: Видео кадры

Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, атыс мегаполистегі көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Таныстар арасында жанжал шығып, ер адамдардың бірі келесі адамға оқ атқан. Оқ оның аяғына тиген.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді", – деп мәлімдеді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget