- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы полиция департаменті, оқиға полиция қызметкерінің қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болғанын ескертті.
ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан