"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 мамырда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауатынын және жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Астанада шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.
Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл болады. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да найзағай. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Шымкентте найзағай ойнап, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік болады.
Павлодар облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 1 градус үсік болады. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының шығысында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні - 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!