Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс (реверсивті қозғалыс) ұйымдастырылады. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін", - деп ескертті әкімдік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!