Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

11 тамызда сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

"Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін және жол белгілерін сақтауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget