Төрт бала Алматыдағы қонақүйлердің бірінде жәндіктерді улағаннан кейін ауруханаға түсті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұған дейін БАҚ-та Алматыдағы қонақүйлердің бірінде жәндіктерді улағаннан кейін төрт бала ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың уланғаны туралы ақпаратты растады.
"2022 жылғы 11 шілдеде химиялық түрде уланған төрт бала шұғыл медициналық көмек орталығына жатқызылды. Олар Орталық балалар ауруханасының токсикология бөлімшесінде ем алып жатыр", - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Балалардың жағдайы орташа ауыр екені хабарланды.