- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жәндіктерді улағаннан...
Алматыда жәндіктерді улағаннан кейін 17 бала ауруханаға түсті
Он жеті бала Алматыдағы қонақүйлердің бірінде жәндіктерді улағаннан кейін ауруханаға түсті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ведомство мәліметінше, оқушылар қаладағы қонақүйлердің бірінде жәндіктерге қарсы залалсыздандыруға арналған препараттан уланған. Белгілі болғандай, 7 мен 15 жас аралығындағы 17 бала Павлодар облысынан Алматыға жарысқа келген.
Алматы полициясы балалардың химиялық заттан улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Г. Досымшалова"Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.