Алматыда жанармай құю бекетінде жанармай тиелген жүк көлігінен өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 3 қазанда сағат 11.14-те Түрксіб ауданындағы Бұрындай көшесіндегі 79в үйінің маңында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Жүргізуші көлікті жанармай құю станциясынан шығарып үлгерген. Жүк көлігінде жанар-жағармай бөшкелері болған.
"Жүргізуші жарылыстан қорқып, көлікті қалдырып, қауіпсіз жерге шыққан", - деді ТЖД өкілі.
ТЖД қызметкерлері жанып жатқан көліктен бес бос бөшкені тапқан, қалған үш бөшкеде жанар-жағармай болған. Өрт 11.35-те ауыздықталды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның алдын-ала себебі - қысқа тұйықталу.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!