Алматылық құтқарушылар жанармай құю бекетіндегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 22 тамызда Алатау ауданында жанармай құю бекеттерінің бірінде газбен толтыру кезінде жеңіл автокөлік жанды.
"Өрт жанар-жағармай цистернасы мен сорғы қондырғысына ауысқаны анықталды. Қатты жарылыс қаупі төнді", - делінген хабарламада.
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Эльдар Молдабаев отқа оранған ЖЖМ газ тарату колонкасының крандарын жабу арқылы жарылыстың алдын алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!