Алматыда жаңажылдық отшашуды қайдан көруге болады?

Алматылықтар Жаңа жыл түні мерекелік отшашуды тамашалай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін қала әкімдігінің баспасөз қызметі отшашуға қаражат демеушілердің есебінен төленетінін айтқан еді.

Отшашу 2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2025 жылғы 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де басталады деп жоспарланып отыр. Алматылықтар мен қала қонақтары бұл көріністі Астана алаңында тамашалай алады. 

Алматыдағы Жаңа жыл

Биылғы қыста Алматы ертегі кейіпкерлері мен мерекелік элементтерді бейнелейтін 300-ге жуық ерекше құрылымдармен безендірілді, оның ішінде былтыр пайдаланылған 120 жаңартылған шағын архитектуралық пішін бар. Сонымен қатар 12 көше мен даңғыл 1 500 жарық элементтерімен безендірілді, оның 350-і - 2023 жылы пайдаланылған, қалпына келтірілген кронштейндер. Көктөбе телемұнарасы тұрғындар мен қонақтарды мерекелік мультимедиалық видеороликпен қуантады.

Алматыдағы шыршалар

Дәстүр бойынша бас шырша Республика сарайының алдындағы Абай алаңында орнатылды. Оны безендіру үшін түрлі ерекше элементтер, шырша шарлары, үлкен бантиктер, 6 шақырым болатын гирляндтар, сонымен қатар қайта өңделген экологиялық таза материалдардан жасалған жаңажылдық ойыншықтар пайдаланылды. Оның биіктігі - 25 метр.

Сонымен қатар мегаполистің әртүрлі ауданында 80 шырша орнатылды.

Қазір Абай алаңында жаңажылдық жәрмеңке өтіп жатыр, онда қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды, жаңажылдық ойыншықтарды сатып алуға болады. Жәрмеңке 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңажылдық отшашу іске қосылатынын хабарлаған едік.

Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!