Алматыда жаңа саябақ пайда болады

Алматыда жаңа саябақ пайда болады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан кинематографиясының тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. "Қазақфильм" кинематография саябағын серуендеуге, демалуға және отандық кино өнерімен танысуға арналған заманауи орын ретінде құру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеңістікте бірнеше тақырыптық аймақ құру көзделген. Олардың әрқайсы отандық кинематографияның әр кезеңдегі даму тарихымен таныстырады.

Жоба аясында серуендеуге арналған аллеялар, интерактивті және мультимедиялық инсталляциялар, ашық аспан астында фильмдер көрсетуге арналған амфитеатр, балалар алаңы мен демалыс аймақтарын салу қарастырылған.

Сурет: Алматы әкімдігі 

"Кинематография саябағы мәдениет пен қала өмірін тоғыстыратын кеңістік ретінде қарастырылған. Мұнда отандық фильмдердің көрсетілімдерін, тақырыптық кездесулер мен түрлі мәдени іс-шара ұйымдастыру жоспарланған", - деді әкімдік өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget