Алматыда жаңа метро бекетіне дейін қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда жаңа метро бекетіне дейін қазу жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа метро бекетіне дейін қазу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, "Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңа "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы жерастын қазу жұмыстары толық аяқталған.

"Сол жақ бағыттағы жерасты толық дайын: онда байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желі монтаждалған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, нысан құрылысы тәулік бойы тоқтамайды. Норматив бойынша мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл бірінші жартыжылдық соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы жаңа метро бекетін қаңтарға дейін аяқтау тапсырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget