Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 желтоқсанда сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтеді.
Сахнада отандық эстраданың жарқын жұлдыздары, танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Дәулет Жанболат, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ.
"Жаңа жылдық отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады", - деді әкімдік өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!