Алматыда Жаңа жыл түні үш адам үйге заңсыз кіріп, қылмыс жасаған (видео)

Алматыда Жаңа жыл түні үш адам үйге заңсыз кіріп, қылмыс жасаған (видео)
Фото: ІІМ

Алматыда полицейлер Жаңа жыл түні жасалған ұрлықты ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелері жоқтығын пайдаланып, үйге заңсыз кірген. Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтын зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ, ақшаны қолды еткен.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті үш адам анықталып, барлығы ұсталды. Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұл оқиғаға қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget