Алматыда №76 жаңа автобус бағыты іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері негізінде қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.
№76 бағыты "Алма Сити-5"ТК" - Алатау даңғылы - Төле би көшесі - Әшімов көшесі - Райымбек даңғылы - Кудерин көшесі - Солтүстік айналым- "Сәлем" базарына қатынайды. "Әділет Авто" ЖШС қызмет көрсетеді.
Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды.
Айта кетейік, Алматы әкімдігі ағымдағы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлауда. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жыл.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз