- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- автобус туралы
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Алматыда Нұршашқан шағынауданы тұрғындарына жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№91 бағыттағы автобус Нұршашқан шағынауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы» бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты "Алматыэлектротранс" ЖШС "Golden Dragon" маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді.
Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы - 12 минут.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын жаңа автобус пайда болғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова