Алматыда жаңа асфальт опырылып, екі автобус түсіп кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде Алматыда Әуезов ауданы Яссауи көшесінде жаңа асфальт опырылғаны көрінетін видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан екі жолаушылар автобусы асфальт шөгуіне байланысты қозғала алмай тұрғаны көрінеді.

Тағы бір видео авторының айтуынша, оқиға орнына екі трактор, КамАЗ, полиция қызметкерлері және коммуналдық қызмет өкілдері келіп, автобустарды шығару үшін жұмыс істеген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!