- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жалға берілетін...
Алматыда жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды
Алматыда "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы аясында өтініштерді қабылдау қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11-15 желтоқсан аралығында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы аясында Алматыда жұмыс істейтін, 35 жасқа дейінгі жастардан өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.
Өтініш пен құжаттар www.kezekte.kz сайты арқылы қабылданады. Сайтта авторизация "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ (ХҚКО) филиалынан алуға болатын электрон-цифрлық қолтаңба арқылы өтеді.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 3 жыл мерзімге беріледі. Жалпы саны - Наурызбай ауданында 2 100 пәтер.
Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
- 35 (отыз бес) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуді растау (осы қалада тұрғын үй сатып алуға үміткерлер үшін);
- Алматы қаласында 14 жастан асқан өтініш берушінің отбасы мүшелерінің (жұбайы және болған жағдайда балалары) тұрақты тіркелуі;
- өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш берудің алдындағы 5 (бес) жыл ішінде меншік құқығында, жалдау құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау (жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын апатты жағдайдағы, құлау қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда);
- кейінгі алты айда кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға - 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес ай сайынғы табыстың болуы;
- банктік жинақ шотында 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға - 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес қалдық болуы.
Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе негізінде жүргізіледі. Балл беру критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта бар.
Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін Бағдарламаға қатысушылар сайттағы жеке кабинеті арқылы берілген өтініштің нәтижесін дербес бақылайды.
Телефондар бойынша анықтамалар: +7(727)2251452, +7(727)2251437.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек