- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
Алматыда жалдамалы пәтерде шағын АТС ұйымдастырған күдікті ұсталды
Алматыда "Киберпол" қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Операция барысында тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде ұйымдастырылған шағын автоматты телефон станциясы анықталды. 26 жастағы азамат ұсталды.
"Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады.
Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын "жұмысты" интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат қамауға алынды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина