Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;
- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию.
Айта кетейік, әзірге масканы тағу ұсыныс қана.
4 шілдеде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шыққан болатын.