Алматыда интим қызмет көрсетілген екі нысан анықталды

Алматыда интим қызмет көрсетілген екі нысан анықталды
Фото: depositphotos.com

Алматының Алмалы ауданында патрульдік полиция қызметкерлері интим қызмет көрсету үшін пайдаланылған болуы мүмкін екі нысанды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, біріншісі Чайковский көшесіндегі үйде, екіншісі Төреқұлов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша екі нысан да боди салон ретінде жұмыс істегенімен, онда интим қызмет көрсетілген. Әр мекенжайдан екі қыздан анықталды. Барлығы - басқа жақтан келгендер. Олардың арасында Қарақалпақстан Республикасының бір азаматы бар. Төртеуі де Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget