Алматыда интим қызмет көрсеткен жеті әйел ұсталды

Алматының Бостандық ауданында полицейлер "боди-массаж" атын жамылып жұмыс істеген жасырын салонның қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауықтыру қызметінің атын жамылып, интим қызметтер көрсетілген мекемені учаскелік инспекторлар қаланың элиталық ауданындағы жеке үйлердің бірінен анықтады.

Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олар полицияға жеткізіліп, жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір тексеру іс-шаралары қолға алынды. Мекеме әкімшілігіне қатысты тиіс шаралар қабылданды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз